Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда әл-Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Желіде апат орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні сағат 16:10-да болған.
«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есінен танып қалып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерциямен жол бойында тұрған «Chevrolet» патрульдік көлігіне соғылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен екі адамға – Toyota жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды