1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда пәтер ұрылары қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұрыларды ұстау іс-шарасын криминалдық полицияның арнайы тобы мен полицияның арнайы жасағының қызметкерлері “Арлан” қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының 6 дерегіне осы “үштіктің” қатысы бар екендігі белгілі болды.
Күдіктілер қылмыс жасап болған бойда ұсталды. Әуезов ауданында орналасқан пәтерден қаскөйлер 1 миллион теңгенің мүлкін – екі ноутбук пен қолма-қол ақшаны алып кеткен. Ұстау кезінде полицейлер ұрланған заттардан басқа, күдіктілерден кілттер жинағын, жиналмалы пышақ пен электрошокерді тәркіледі. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Күдіктілер – 30 жастағы К.есімді, Ж.есімді және К.есімді азаматтар. Олар бұрын да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған. Бұл “үштіктің” жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?