Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда 23 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның қаладағы тұрғын үйлердің бірінің жоғары қабатынан секіріп кеткені туралы фото мен видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды.
Видео Teracotta Almaty тұрғын үй кешенінде түсірілген. Оқиға орнында бір адам бүгін өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Оның неліктен бұлай істегені белгісіз", - деп жазылған жазбада.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. Бұл іс Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Белгілі болған дерек бойынша, суицидке барған қыз бала 2000 жылы туған.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?