Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Қазақстан, Беларусь, Болгария, Ресей, Словакия және Чехия спортшылары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс спорттық пәндердің төрт түрінен өтті. Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте Ресей командасы жеңіске жетсе, одан кейінгі орындарға Беларусь пен Қазақстан тұрақтады.
Қыздар мен жасөспірімдер арасында ресейліктер басым түсті, екінші орынды белоруссиялықтар иеленсе, қазақстандықтар үшінші орынға табан тіреді.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазақстандық команда «Жауынгерлік қанат жаю» бойынша чемпион атанды.
Қазақстан ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Алматы әкімдігіне алғысын білдіріп, ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен әділ төрешілікті атады. Сондай-ақ елдеріміздің апаттық-құтқару қызметі арасындағы достық байланыстарды нығайтуға үміт білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді