Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда оқушы немере ағасын жыныстық зорлық жасады деп айыптады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің айтуынша, полиция оның мәлімдемесіне әрекетсіздік танытқан.
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы "One-Stop - Service-Бір қадам" жобасының жетекшісі Айман Омарова бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған бала туралы айтып берді.
Ол жәбірленушінің қорға 19 ақпанда жүгінгенін хабарлады, өйткені полициядан нәтиже болмаған.
Баланы әкесі қайтыс болғаннан кейін әкесінің ағасы тәрбиелеу үшін алып кеткен. Бала 11 жаста болғанда, ағасының ұлы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастаған. Бұл шамамен үш жылға созылған. Бала бұл туралы ешкімге хабарламаған. Ақыры соңында басынан өткізген жағдайларды әпкесіне айтуға бел буған, - дейді Айман Омарова.
Әпкесі зорлық көрген інісін алып полицияға арыз жазуға барғанмен, арыздары қабылданбаған.
Кәмелетке толмаған жәбірленушіден психологтың, адвокаттың қатысуынсыз жауап алынды. Ол тергеушінің қысымына ұшырады. Онысымен қоймай, полицияға ағасының туыстары келіп, психологиялық қысым жасады, - дейді ол.
Полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.
19 ақпанда Жетісу ауданының ПБ-да інісіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны өтініш білдірді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімнің туысы полицияға жеткізілді.Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.
Полиция сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?