Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАлматы облысынан мегаполиске келген жас жігіттер көлік дөңгелектерін ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы жігіттер ұсталды.
Олар Рысқұлов даңғылындағы қоймалардың бірінің құлпын бұзып, төрт дөңгелекті ұрлап кеткен. Жәбірленуші шығын көлемін 1 миллион теңгеге бағалаған. Күдіктілер ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді және аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ұсталған адамдарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді