Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы8-13 қаңтар аралығында Алматыда О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты базасында дарынды балаларға арналған ХХ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада үш бұрын онлайн форматта өтсе, биыл офлайн форматта өтіп жатыр. Олимпиада аясында дәстүрлі түрде физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер арасында үш пән бойынша байқау өткізіледі. Мұның басқа халықаралық олимпиададан ерекшелігі осында және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін осы ғылыми пәндердің маңызын көрсетеді. Жарыс екі кезеңнен тұрады – теориялық және тәжірибелік тұрғыда қатысушылар тапсырмалар орындайды. Олимпиаданың қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады.
«Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды. Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.
Сондай-ақ қала әкімі Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты. 2005 жылы алғаш рет өткізілген кезде 5 мемлекеттен 189 оқушы қатысқан еді. Биыл олимпиадаға Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румынияны қосқанда, әлемнің 16 елінен 600-ге жуық қатысушы, 85 команда қатысады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сонымен бірге, мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі шығарылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беріледі. Бұған қоса, жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді