23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі Үлкен Алматы айналма автожолы пайдалануға берілді.
Аталған айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба саналады. Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр.
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин автожолдың тиімділігі мен басымдықтарын атап өтті. Оның айтуынша, Үлкен Алматы айналма автожолы мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.
Бұл еліміздің тарихындағы маңызды сәттердің бірі. Себебі Үлкен Алматы айналма автожолы Орталық Азиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба саналады. Осы жол құрылысы халықтың игілігі үшін қолға алынғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ аталған жоба мегаполис тұрғындары мен жергілікті халықтың еркін қозғалуына септігін тигізері анық, – деді Төлеген Абдуллин.
Концессия тетігіне сәйкес құрылыс жұмыстарын инвестор жеке қаражатын есебінен жүргізген. Енді таяу 16 жыл бойы жол инвестордың кепілдік мерзімінде болады. Мамандардың айтуынша, 66 шақырымға жалғасқан айналма жолды жарты сағатта еңсеруге болады.
Сонымен қатар ҮАААЖ-дың ашылуы Алматы қаласының аумағына транзиттік көліктердің кіруіне жол бермейді, тиісінше Алматы қаласындағы көлік кептелісі орта есеппен 20% азаяды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады