Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСот шешімі бойынша тұруға жатпайтын ірі нысан бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Меншік иесі «өндірістік орын» мақсаты бар жер учаскесіне алаңы 470 метрге жуық нысан салған әрі мұнда мемлекеттік қордың жері де ішінара пайдаланылған. Ол Брюсов көшесі, 4, Скрябин көшесі, 35 қиылысында орналасқан.
Айта кетерлігі, қала құрылысын бақылау басқармасы 2021 жылы меншік иесіне талап арыз беруге бастамашы болды, содан кейін сот процестері басталды.
Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың объектіні ішінара бұзу туралы 2021 жылғы 2 қарашадағы шешімі өзгеріссіз қалды.
2022 жылғы 27 мамырда сот орындаушысы атқарушылық іс қозғады және меншік иесінің атына 2022 жылғы 13 маусымға дейін сот шешімін ерікті түрде орындау туралы хат жолдады, оны меншік иесі орындамады.
Бүгін нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүрілуде.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды