Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының өкілдеріне Түрксіб ауданы Қонаев атындағы тұтыну кооперативінде («Жас Қанат» ш/а.) жалдамалы пәтерлер беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, ауданы 60 шаршы метрден 85 шаршы метрге дейінгі жаңа пәтерлердің кілтін тұрғын үй кезегінде тұрған 46 көпбалалы отбасы алды. Іс-шараға Коммуналдық инфрақұрылымдық дамыту басқармасы, Құрылыс басқармасы, сонымен қатар, мердігер ұйымның өкілдері қатысты.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталған бетте кезекте тұрғандарға берілетінін атап өтті. «Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенінде дамыған инфрақұрылымды құруға ден қояды. Мұнда спорт және балалар алаңдары жабдықталған, мектеп бар, жаңа балабақша салынып жатыр, келесі жылы тұрғындардың демалы мен бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орындар бой көтереді, - деді ол.
Барлығы «Жас Қанат» шағын ауданында кезекте тұрғандарға 401 жалдамалы пәтер беру жоспарланған болатын. Үй кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезең тұрғындарға ыңғайлы кез - жаңа оқу жылы қарсаңында – тамыздың соңында басталды. Екінші кезең қыркүйекте басталды. Барлығы 300-ден астам отбасы қоныстанды.
Айта кетейік, Қонаев атындағы ТК-дегі үйлердің құрылысы 2021 жылы қолданыста болған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?