Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекеттік орталық музейде қазақтың халық ақыны Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, күміс көмей әнші, ақын әрі жырау атанған тұлғаның шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында, музей жанындағы «Museum for kids» жазғы лагерінің балалары арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының студенттері мен Алматы қаласындағы «Sanat» өнер мектебінің домбырашылар ансамблі балаларды өнерпаздың шығармашылығымен таныстырып, оның көпке белгілі шығармаларын орындады. Сондай-ақ балаларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды.
Кенен Әзірбаев – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері және халық ақыны, жырау, күйші және қоғам қайраткері Жамбыл Жабаевтың шәкірті және ізбасары. Ол ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХХ ғасырда ұлттық рухтың ұлы өнерпазы атанып, халқымыздың алтын қорына қосылған сан-салалы мол мұра қалдырды. Он шақты дастаны, жүзден астам әндері, мыңдаған өлең-жырлары, айтыстары, жеті күйі және тарихи тұлғалар жайлы жазған құнды мұралары халық игілігіне айналып отыр.
Шығармашылық атмосферасында өткен іс-шара мәдени мұраны сақтау мен болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызын айшықтады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек