Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында халық ақыны, әнші-композитор, «Алатаудың бұлбұлы» Жетісу ән мектебінің көрнекті өкілі Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті.
Кенен Әзірбаев – Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері және халық ақыны, жырау, күйші және қоғам қайраткері Жамбыл Жабаевтың шәкірті және ізбасары. Ол ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХХ ғасырда ұлттық рухтың ұлы өнерпазы атанып, халқымыздың алтын қорына қосылған сан-салалы мол мұра қалдырды. Он шақты дастаны, жүзден астам әндері, мыңдаған өлең-жырлары, айтыстары, жеті күйі және тарихи тұлғалар жайлы жазған құнды мұралары халық игілігіне айналып отыр.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек