Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда түнде төрт автомобиль қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы көпірде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полицияның мәліметінше, Рысқұлов даңғылы бойымен шығысқа қарай қозғалған Haval жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдымен қатар жүріп келе жатқан Chery-ге соғылған. Қатты соққыдан кейін көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, тағы екі автокөлік — Audi және Hongqi-мен қақтығысқан.
Апат салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Haval жүргізушісі ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал Audi жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық стационарға тасымалданған.
Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді