7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматы обылсында 38 жастағы әйел ондаған адамды алдап, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Хиджабқа оранған әйел, бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, әйел адам бұған дейін 15 адамды алдап соққан. Ол өзі пәтер жалдап ақшасын төлейтін кезде, оны басқа адамға жалға беріп отырған.
Онымен қоймай, жалға берген адамдардың бәрінен бір немесе бірнеше айдың ақшасын сұрап, алданған адамдардан кем дегенде 150-400 мың алған.
Skifnews.kz-тің хабарлауынша, қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге әйел адамның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін, істі болғаны анықталды.
Бұл оқиғадан хабардар болған әлеуметтік желі қолданушылары хиджабтағы әйелді қатаң сынға алуда.
"Осылардан бәрін күтуге болады", "Неге? Жақсы емес пе? Біздің ұятмендер қайда? Ашық-шашық киінген қыздармен алысатын... Сондықтан бұлардан бәрі шығады, бәрі адамға байланысты", "Орамалдағы сайтандар десейші", деп жазды олар.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?