23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтында VIII Қазақстан-Франция форумы аясында екі елдің жоғары оқу орындарының француздық білім жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Еліміздегі Франция елшілігі, Campus France француз ұлттық агенттігі және Абай университеті ұйымдастырған бұл іс-шара жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің бітіруші сынып оқушыларының және Алматы жоғары оқу орындары студенттерінің назарын аударуға бағытталып отыр.
Жәрмеңкеде INALCO, Лотарингия университеті және Пуатье университеті сияқты т.б. француздық серіктес университеттермен бірлесіп жүзеге асырылатын Абай университеті Сорбонна-Қазақстан институтының қазақ-француз білім беру бағдарламалары ұсынылды.
Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика бағыттарында қос дипломдық білім беру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылып жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады