Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда 5-ші «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш күндік іс-шара цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі, жастар белсенділігі, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне бағытталған.
Форумға Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам институттары мен үкіметтері өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері қатарынан 150-ден астам адам қатысуда.
Форумның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды елдің дамуындағы азаматтық қоғамның рөлі және мемлекеттің үкіметтік емес секторды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.
Алдағы екі күн ішінде іс-шара аясында топтық пікірталастар мен арнайы семинарлар өтеді. Қатысушылар осы талқылаулар арқылы өзара идея алмасып, аймақтың маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысу мүмкіндігіне ие болады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер