23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда көшпенділер мәдениетімен танысуға арналған этнофестиваль өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдение шарада көшпенділердің жауынгерлік ойындары, ат спорты мен айтыс өнері ұсынылған. Бұл "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық саябағындағы "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" халықаралық фестивалі бағдарламасының бір парасы. Қонақтар Ұлы дала көшпенділерінің ежелгі мәдениеті мен дәстүрлерін тамашалады.
Саябақ аумағында 50 киіз үйден тұратын этноауыл бар, онда қазақтың дәстүрлі "алтыбақан" әткеншегі орнатылып, тас диірмен жұмыс істеген. Іс-шара қала күніне орайластырылды.
Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағындағы «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі аяқталды. 2 күн бойы іс-шараға келген 10 мыңнан астам адам көшпенділердің әдет-ғұрпымен, дәстүрімен танысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Карусельде мерекенің ең қызықты сәттерін көрсеттік, - деп жазылған Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады