Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін республика сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен «Айналдым елім» атты концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевті 85 жылдығына арналды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, оның әндері патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл туындылар – Қазақстанның мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.
Әнші шығармашылығындағы халықтың ыстық ықыласына бөленген «Атамекен» әні ерекше бағаланады. Бұл ән тыңдаушылардың жүрегінен орын алып, қазақ музыкасының алтын қорына қосылды.
Концерт аясында Ескендір Хасанғалиевтің бірқатар шығармалары орындалды.
Оркестрдің бас дирижері - мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Концертке белгілі қазақстандық өнерпаздар қатысты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді