Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда полицейлер аса ауыр қылмыстың бетін ашты. Оқиға Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 желтоқсанда болған. Ер кісі ерлі-зайыптыларды атып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарақшылық шабуылдан соң ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр.
Қалалық Полиция департаменті қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталғанын атап өтті. Күдікті - Жетісу өңірінен келген 38 жастағы ер адам. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды.
Күдікті өзі барып жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыларды тонауды жоспарлағанын мойындады. Сол кезде ол жұмыс берушілердің сейфін байқап қалған. Бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең зардап шеккендердің есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытқан қаскөй олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастады. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыларды атып, қашып кеткен, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талант Исаев.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталуда.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер