1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматы облысының полицейлері шамамен сегіз мың бір реттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстады . Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат қарапайым адамдар арасында “жылдамдық” деп аталатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады.
Айта кету керек, арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?