Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Алматыда 27 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үй кешенінде есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синтетикалық есірткіні шығаратын зертхана Алматының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеп тұрған. 27 жастағы У.есімді азамат “синтетика” өндіру үшін тұрғын үйді арнайы жалға алғандығы белгілі болды.
Тінту кезінде біздің бөлімше қызметкерлері медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық зат мефедрон өндірісінде қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі. Сондай-ақ дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 грамм альфа-PVP есірткі заты болып табылады. Сонымен қатар көк түсті изолентаға оралған, ақшыл ұнтақты зат, болжам бойынша мефедрон, бөлек оралған 15 және 6 бетбелгі тәркіленді. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйықтық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ұсталған азаматтың бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай