1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық емтихан өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогінде 20 елден 32 төреші практикалық емтихан тапсырды. Емтихан нәтижесінде дзюдо төрешілері Continental және International дәрежесіне қол жеткізеді.
Қазақстандық мамандар Асхат Жіткеев - International, Қайыржан Сүлейменов пен Павел Ермошенко Continental дәрежедегі төреші атағына ие болды.
Емтиханға Қазақстан, Австралия, Қытай, Хорватия, Германия, Гонконг, Үндістан, Иран, Жапония, Қыоғызстан, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Молдова, Моңғолия, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Тайпей және АҚШ елдерінен Continental санатына 15, International санатына 17 төреші қатысты.
IJF мұрындық болуымен Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған семинар-емтиханға Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары – Чжон Ки ЕН, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының рефери директорлары Осако Акинабу, Набел Абдрабалнаби жетекшілік етті.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?