Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің телефонын ұрлап, “ізін суытқан”. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер