20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек30 қаңтарда Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымына қарасты «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара 2025 жылғы еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен қатар ұйымдастырылмақ.
Бұл концерттің мақсаты көрерменді түрлі этностардың би, ән және музыкалық шығармаларынан тұратын Қазақстанның бай ұлттық өнерімен таныстыру болып отыр. Концерттік бағдарламада әртүрлі халықтардың мәдениетін біріктіретін ғажайып хореографиялық қойылымдар, жанды музыка және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен Татарстаннан келген танымал хореографтардың қойылымдары ұсынылады.
Айта кетейік, аталмыш ансамбль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурызда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?