Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы қаласының полициясына бірден алты нысанға бомба қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, қаланың жедел қызметі бомба қойылғаны туралы хабар түсісімен қала аумағында орналасқан алты объектіде тексеру жүргізген.
Атап айтқанда, үш банк, Қазақ-Британ техникалық университеті, автоорталық және әуежайға бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен.
«Қазіргі уақытта бес нысан тексеріліп, ақпараттың жалған екені анықталды. Тағы бір нысанда, яғни, қаладағы банктердің бірінде тексеру жұмысы жалғасып жатыр»,- деп хабарлады полиция.
Арнайы іс-шараға сапер бөлімшелері мен арнайы мамандар жұмылдырылған.
Алматы полициясы азаматтарды өтіп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жәрдем көрсетуге шақырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?