Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕ. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Бибігүл Төлегенова – қазақ бұлбұлы» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың қорытындысы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, концертте консерватория студенттері, магистранттары мен оқытушылары өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасына Бибігүл Төлегенованың репертуарынан алынған шығармалар енгізіліп, оның ұлттық вокал мектебін дамытудағы орасан зор үлесі айшықталды.
Жас орындаушылар ұлы әншінің үлгісінен шабыт алып, өз шығармашылығын көрсете отырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтты. Бұл кеш өнер мерекесіне айналып, қонақтардың жүрегінде қазақ музыкалық мәдениетіне деген мақтаныш сезімі мен жарқын эмоцияларға толы әсер қалдырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді