10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласының әдістемелік орталығының, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде ведосмтво басшысына жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Алматы қаласы бойынша барлығы 8 аудандық білім бөлімі бар. Жаңа оқу жылында қаланың 314 мектебінде 320 мың оқушы білім алады. Тегін тамақпен бастауыш сыныптардың 126 мың оқушысы қамтамасыз етіледі. Мектеп формалары мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 15 мың оқушыға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша министр бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, тапсырмалар оқу жылына дайындық бойынша жұмыстарды күшейтуді, оқушыларды оқулықпен, қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді, мектепке тасымалдау мен білім беру ұйымдарында жайлы жағдай қалыптастыруды қамтыды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді