Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлемдік поп-мәдениеттің аңызға айналған тобы Backstreet Boys Алматыға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде әуежайда өткен ерекше қарсы алу сәттерінің видеолары тарады. Музыканттарға қазақтың дәстүрлі тақиясы сыйға тартылып, сондай-ақ «Қазақстан» шоколады ұсынылды. Өнер иелері бүгін біраз тынығып, қала аралайды.
Айта кетейік, көптен күткен концерт 19 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтпек. Шамамен 27 мың көрермен жиналады деп күтіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия сарбазы және 200 жеке күзет қызметкері жұмылдырылады.
Ал астаналықтар танымал топтың концертін 21 қыркүйекте тамашалайды. Бұған дейін қалада арнайы шатл-бастар қатынайтыны туралы жазғанбыз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді