Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда автобусқа соғылған автокөлік тізгінінде белгілі кинопродюсер болған көрінеді. 28 жастағы әйел қазір қамауда . Дереккөзге сенек, медиакомпания продюсері елдегі танымал криманал драмалардың түсірілімінде жетекшілік еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алайда кинокомпания бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.
Кеше Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, 25-і жарақаттанды. «Киа» көлігі Мақатаев көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып автобуспен соқтығысады. Қоғамдық көлік оң қапталдағы дүкенді жайпап өтіп бір-ақ тоқтайды. Артынша полиция кроссовер тізгіндеген жүргізуші әйелді уақытша ұстау изоляторына қамағаны белгілі болды. Ал «Сити Бас» компаниясы апатқа қатысты жақ ашар емес. Тек қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтың тәжірибесі мол екенін айтудан әрі аспады. Осы жол апатынан қаза тапқан жігіт тапсырыс жеткізумен айналысқан көрінеді. Ал зардап шеккен төрт адам әлі ауруханада жатыр.
Төрт ересек адам ауруханаға жатқызылды. Олардың аяқ-қолы сынған. Жағдайы орташа ауыр. Барлық қажет ем-домды толық алып жатыр. Қалған науқастар тексерістен өткеннен кейін амбулаториялық емге жіберілді, - дейді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?