30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда жол бойында орын алған жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"№50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бұзақылар пышақ кезеген. Олар кеткенше адам толы автобус қозғалысын тоқтатқан", - делінген видеоның сипаттамасында.
Алматы полиция департаменті оқиғаның 21 сәуірде Райымбек даңғылында болғанын мәлімдеді.
"21.04.2023 жылы сағат 19.30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен "Жигули" көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға жолға таласқан ер адамдар арасында болғанын анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды