Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең көпірінен автобус құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты 12 қыркүйек түнгі сағат 22:00 шамасында болды. Жүргізуші жолда ауырып, қанындағы қант мөлшері көтеріліп кеткен көрінеді.
Облыстық полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.
12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Берік Дәкиев.
Қазіргі уақытта автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр.
Ал жол апаты салдарынан кептелісте тұрған көлік саны бірнеше шақырымға жетті. Тоқтап тұрған көліктерді полиция тек екі сағаттан кейін жолдан өткізе бастады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?