22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматыда адам өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 98 автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Оқи отырыңыз:
Сот анықтағандай, 2022 жылы 8 қараша күні сағат 14:00 шамасында сотталушы А., Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта No98 автобусты басқарып, Абылай хан және Төле би көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, Төле би көшесімен келе жатқан №201 автобуспен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан No98 автобустың жолаушылары далаға ұшып кетті, жәбірленуші И. автобус астында қалып, алған жарақатынан қайтыс болды. Екі адам К. және Ш. әртүрлі дене жарақатын алды.
Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, өзін ақтауды сұрады. Сот айыпталушының 3 кішкентай баласы барын және кәнісін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар А. 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, Ш. және К.-ның пайдасына моральдық шығын ретінде 2 млн теңге, Ш.-ның пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді.
Сот үкім заңды күшіне енген жоқ.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев