Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРадиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Астанадағы концерттен оралған қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегеновамен халықаралық әуежайда кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 желтоқсанда мерейлі 95 жасқа келген Бибігүл Төлегенованы әскери қызметшілер мен курсанттар әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Осылайша, олар шығармашылығы Қазақстан тарихы мен мәдениетінен орын алған ұлы әншіге терең құрмет көрсетті.
Сіздерге көрсетіп жатқан сый-құрметтеріңіз бен құттықтауларыңыз үшін шын жүректен ризамын. Өнер шығармашылық жолы ғана емес, Отанға, елге қызмет ету. Ыстық ықыластарыңыз маған қатты әсер етті, шын жүректен алғыс айтамын, – деді Бибігүл Ахметқызы курсанттар мен қатысушыларға сөйлеген сөзінде.
Өз кезегінде курсанттар қазақтың бұлбұл әншісімен кездесу маңызды оқиға болғанын атап өтті.
Бибігүл Ахметқызын мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Осындай ұлы тұлғамен кездесу бізді жігерлендіреді. Отанға қызмет ету – еліміздің рухани құндылықтарын қорғау ғана емес, сақтау және дамыту екенін түсінеміз, – деп деді әскери жоғары оқу орнының 2 курс курсанты Ерасыл Әскербеков.
Бибігүл Төлегеновамен кездесу – ұрпақтар арасындағы байланыстың жарқын көрінісі. Бұл мәдениет пен өнердің болашақ Отан қорғаушылар үшін және бүкіл халық үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?