22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2013 жылғы 24 қыркүйекте дүниеден озған Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу рәсіміне қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Қарулы күштердің ардагерлері, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері және батырдың есімі берілген Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары келді.
Сағадат Қожахметұлы нағыз әскери қолбасшы болды. Ол жеке қасиеттері мен кәсіби шеберлігі үйлескен адам. Адал, қарапайым, ұстамды және бүкіл адамдық қасиеттерді бойына дарытқан жан. Отанға адал қызметінің арқасында әріптестерінің арасында лайықты бедел-құрметке ие болды. Батырды мәңгі жадымызда сақтаймыз, – деді «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы генерал-майор Махмұт Телеғұсов.
Даңқты генерал тұрған үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері мен әскери жоғары оқу орнының курсанттары салтанатты маршпен жүріп өтті.
Егемендік алған жылдары ТМД елдерінің қорғаныс министрлері арасында Сағадат Нұрмағамбетов Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз министр болғанын атап өткен жөн.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев