19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматыда Ақкент шағын ауданы №54 тұрғын үйдегі 96 пәтер өрттен кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспалдақ алаңдары, дәліздер жөнделді, пәтерлер әрленіп, электр монтаждау және кабель ауыстырылды, алты пәтердің екі қабатты терезелері ауыстырылды, сексен пәтердің кіреберіс есігі жөнделді. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ғимараттың эвакуациялық жолдары толық тексерілген.
Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков өрттен зардап шеккен тұрғындардың жөндеуден кейінгі үйін көзімен көрді.
Ермек Нұрбосынов қызыл жалын кезінде бәрі сынғанын айтып, үйді қалпына келтіргені үшін әкімдікке алғысын білдіреді.
Күні-түні бел жазбай еңбек етіп, қысқа мерзімде жұмысшылар бәрін қалпына келтірді. Бізге қол ұшын созып, көмектескеніне өте ризамыз, - деді ол.
Бәтима Көжекбаева әкімдіктің жөндеуге көмектескенін және тұрғындарды назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.
Отқа оранған пәтерді жөндеуден кейін үйімізге қайта оралдық. Жөндеу жұмыстары жақсы жасалған, үйіміз жылы, таза. Көп рахмет. Бізге бірнеше рет келіп, қал-жағдайымызды біліп тұрды, - деді ол.
Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және уақытша қоныстануға әкімдік 168 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Оның 100 млн теңгесі жөндеуге жұмсалса, тағы 300 млн теңгені құрылыс салушы компания бөлген.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары