Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАлматы қаласында Satbayev University институтында қала мектептері алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларымен оқу жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы жиырма жылда алғаш рет өткен іс-шараға жүзден аса әскери басшылар жиналды. Онда әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен әскери-патриоттық жұмыстың әртүрлі аспектілері, соның ішінде оқу-материалдық базаны жақсарту, оқытудың заманауи әдістерін енгізу және әртүрлі ұйымдар мен ведомстволармен өзара іс-қимылды күшейту талқыланды.
Жиында Satbayev University Әскери істер институтының бастығы запастағы генерал-майор Василий Рыспаев, Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаров және Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы сөз сөйледі.
Білім министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп бастапқы әскери дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үстінде. Жоба қазірдің өзінде дайын боп қалды. Құжатта АӘД оқытушыларымен өткен бүгінгі жиында айтылған ұсыныстар да ескеріледі, – деп атап өтті полковник Руслан Омаров.
Айта кету керек, Satbayev University өз студенттері үшін ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласындағы басқа ЖОО өкілдері үшін де әскери даярлық бойынша оқыту орталығы болып табылады.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес