13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматыдағы Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, С.Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағына полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта аталған аумақта қозғалыс ашық. Назарбаев және Достық даңғылдарындағы бұрылыстар жөнделіп біткен.
Келесі кезең – даңғылдың солтүстік жағындағы орташа жөндеу. 22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Жарбұлақ өзенінен Сейфуллин даңғылына дейінгі батыс бағытта қозғалыс толығымен жабылады. 22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 7:00-ге дейін Достық даңғылы, Назарбаев даңғылы, Меңдіқұлов бульвары мен Батыс Желтоқсан көшесіне дейін Әл-Фараби даңғылында батыс бағытқа қарай қозғалыс шектеледі, деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Қаладағы Жарбұлақ өзенінен Марков көшесі аралығында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етпек. Әл-Фараби даңғылының көлік магистралі бойынша жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі және оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды