20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апатты ағаштар кесіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде осы бағыт бойынша жұмыстар қаланың барлық ауданында жүргізілді. Алатау ауданында 500, Әуезов ауданында 700, Алмалы ауданында 900, Бостандық ауданында 900, Медеу ауданында 100, Жетісу ауданында 300, Наурызбай ауданында 400 және Түрксіб ауданында 1400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. «Алматы Жазы» науқаны аясында 5 200 ағаш санитарлық мақсатта кесілді.
Ағашты санитарлық мақсатта кесудің уақтылы жүргізілмеуі адамның денсаулығына және мүлікке зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштардың басын санитарлық және пішіндеп кесу жұмыстарын күшейту дауыл, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау мүмкіндігін азайтады, - делінген мәліметте.
Алматы қаласының жасыл желегін күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, ағаштың пішініне, олардың жасына қарай өзгеретіне, кесуге төзімділік сынды өсімдіктердің түрлік және биологиялық ерекшелігін ескере отырып, барлық норма сақталып санитарлық мақсатта кесіледі. Санитарлық кесуден кейін ағаштың кесілген жері арнайы жасалған құралдармен өңделеді.
Науқан өткізу барысында қауіпті еңісте өскен ауру және қураған ағаштарды кесу көзделген. Оның орнына 10 есе көп мөлшерде көшет отырғызылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?