Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда 21 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш келіден астам синтетикалық есірткіні Түркістан облысының тумасы жасаған. Демченко көшесіндегі жалға алынған үйлердің бірінде синтетикалық есірткі шығаратын цех жұмыс істеп тұрған.
21 жастағы С. есімді азамат алғашында есірткіні жасырын қоюмен айналысқандығы анықталды. Содан кейін өзін синтетикалық препараттарды өңдеу және тазарту саласында “химик” ретінде сынап көруді шешті. Жас лаборант интернет ресурстары арқылы нұсқаулар алды. Оның міндеттеріне жасырын түрде, шикізаттың үлкен партиясын қабылдау, оны өңдеп, бояғыштар мен хош иістер қосып, кептіріп, өлшеп, кейіннен қала аумағында көп мөлшерде жасырын қойып кету болды, - деді Алматы қаласы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері түрлі-түсті белгісіз заттар салынған түрлі ыдыстарды, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар, хош иістендіргіштер, қолғаптар, маскалар және синтетикалық психотроптық заттарды өндіруде қолданылатын басқа да керек-жарақтар, дайын өнім – мефедрон синтетикалық есірткісі тәркіленді, жалпы салмағы 3 келіден асады.
Пәтерден табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар полиция ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін еске салды. ъҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды