Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акциздік тауарлардың заңсыз айналымын анықтау және тоқтату бағытындағы жұмыстарды күшейтуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомствоның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 10 айында алкоголь, темекі және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты бірқатар ірі құқықбұзушылықтар тіркелген. Тексеру шараларының нәтижесінде қала аумағында заңсыз айналымнан алынған тауарлардың көлемі айтарлықтай үлкен:
Негізгі анықталған заңбұзушылықтар:
Департамент заңсыз өнімдерді анықтауды мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді талдау арқылы жүргізеді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтер мен қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдардан келіп түскен өтініштер де маңызды рөл атқарады.
Акциздік тауарлардың көлеңкелі айналымы мемлекет пен адал кәсіпкерлерге зиян келтіріп қана қоймай, халық денсаулығына қауіп төндіретіні атап өтілді. Жоғарыда аталған өнімдердің түпнұсқалығын тексеру үшін тұрғындарға «e-Sapa» және «NAQTY ONIM» мобильді қосымшаларын пайдалану ұсынылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді