22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазіргі таңда «Алматы тұрғын үй» ЖШС қаланың сегіз ауданында тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырып отыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, 2023 жылы 100 көппәтерлі тұрғын үйдің (КТК) шатыры, қасбеті, кіреберісі және инженерлік желісі ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтеді.
Жаңғыртудың бұл кезеңі үйлердің жайлылық деңгейін жаңартуға және тұрғындар үшін жалпы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.
Бұл ретте, 70 КТК жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет аясында жүргізіліп, мына аудандар бойынша бөлінеді:
30 КТК жөндеу қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде «Алматы тұрғын үй» ЖШС осы аталған жобаларды табысты іске асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындаумен және хаттамаларды жинаумен айналысады.
Айта кетейік, «Алматы тұрғын үй» ЖШС 2011 жылдан бастап қаланың тұрғын үй қорын жөндеу және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша оператор болып табылады. Ол өзінің қызметін «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырып, ТКШ жаңғыртуға ерекше назар аударады. 2011-2022 жылдар аралығында компания Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша 965 жобаны іске асырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев