Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?
Алматы тұрғыны құрбысының заңсыз әрекетінен кейін қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен, деп хабарлайды El.kz сайты қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол А. есімді құрбысының жеке куәлігін алып, өз фотосуретін жабыстырған. Алайда ол 2021 жылы қыркүйек айында ауруханаға түсіп, қайтыс болған. Осыдан кейін Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі А. есімді келіншекті қайтыс болды деп таныған. Себебі жалған құжатта оның жеке мәліметтері болған.
– Осы сәттен бастап өтініш берушінің Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады. Өйткені барлық органда ол қайтыс болған адам ретінде есепте тұрды", - дейді прокурорлар.
"Қайтыс болған" келіншек прокурорлардың көмегіне жүгініп, сот арқылы қайтыс болғандығы туралы акт жазбасының күшін жойды.
Ал полиция құжатты қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд