29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлорда және Алматы қаласы өмір сүру бойынша әлемдегі ең қымбат қалалар қатарына енді. Рейтинг 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жасалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Numbeo веб-сайты әлемдегі ең ірі қалаларда өмір сүру құны туралы ақпарат ұсынды. Рейтингке 510 қала кірді.
Өмір сүру құнының индексін есептеу үшін сарапшылар Нью-Йорктің негізгі көрсеткішін пайдаланған.
Өмір сүру құнының индексі бойынша Алматы 466-орында, ал Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы 475-орында тұр.
Тізімде бірінші болып Бермуд-Гамильтонның әкімшілік орталығы орналасқан.
Айта кетейік, өмір сүру құны бойынша үздік 10 қалаға Швейцария мен АҚШ қалалары кіріп отыр.
Атап айқтанда, Базель (Швейцария), Цюрих (Швейцария); Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ, Гавайи штаты), Санта-Барбара (АҚШ, Калифорния штаты) және Нью-Йорк қаласы (АҚШ).
Рейтинг жасау үшін зерттеушілер тұрғын үйді жалға алу мен тұру, тамақ, сонымен қатар қала мейрамханаларындағы бағаларды зерттеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек