10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы әкімдігі мен мәслихаты "меншікті уақыт белдеуіне" көшу мәселесіне қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жаңа жұмыс кестесіне көшу жөнінде қандай да бір бастама немесе жоспар қарастырылып отырған жоқ.
Ресми жауапта тұрғындар, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен өзге де азаматтар тарапынан мұндай өтініштер түспегені атап өтілген. Сондай-ақ, Алматы мәслихаты да жергілікті кәсіпорындар, мемлекеттік органдар мен басқа да ведомстволардан уақыт белдеуіне көшуге байланысты ешқандай ұсыныс түспегенін мәлімдеді.
Мәслихаттың хабарлауынша, бұл мәселе жақын арадағы сессияларда қарастырылмайды. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс күнінің ұзақтығы, басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ үзілістер еңбек тәртібі қағидалары мен еңбек шарттарына сәйкес реттеледі. Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы бастама әзірге күн тәртібінде тұрған жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді