Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ІІМ және Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп арнайы іс-шара жүргізіп, интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған Sim-box құрылғысын анықтады және тәркіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ІІМ мәліметінше, іс-шара нәтижесінде интернет-трафикті заңсыз бағыттау мақсатында жаппай сим-карталарды пайдалану арқылы қылмыстық тізбекті ұйымдастырған жас жігіт ұсталған. Тергеу деректері бойынша, ол жабық интернет-қоғамдастықтан нұсқаулар алып, криптовалюта түрінде ақы алып отырған. Құрылғы тәркіленді, тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
Sim-box құрылғыларын пайдалану – алаяқтар жиі қолданатын техникалық әдістердің бірі. Бұл құрылғылар нөмірді жасыруға, қоңырауларды бұрмалауға және фишингтік хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік береді. Мұндай әрекеттер азаматтарды шатастырып, қаскөйлер, өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді алдап алуға жағдай жасайды. Осындай алаяқтық тізбектердің жолын кесу – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі, – деді, Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.
Жедел-іздестіру шаралары аясында бұл қылмыстық тізбекке қатысы бар басқа адамдарды анықтау және осыған ұқсас деректерді әшкерелеу жұмыстары жалғасуда. Полиция азаматтарды мұқият болуға, жеке деректерді телефон арқылы бермеуге және күмәнді жағдайларда бірден "102" нөміріне хабарласуға шақырады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова