19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы тұрғыны жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлігін басқаруға рұқсат берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматының Медеу ауданында патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатты.
Шетелдік көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адам басқарғаны белгілі болды: ол ешқашан куәлік алмаған. Көлік иесі 2000 жылы туған Д.есімді азаматша жігіттің қасында отырды. Бойжеткен өзінің қателігін мойындады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік құралын басқарған жүргізуші – 2003 жылы туған Ф.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.
Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары