Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсФурманов шыңына таңертең көтерілген екі қыздың өз бетінше төмен түсе алмай қалғаны туралы ТЖД-ға ақпарат түсті. Олардың ұялы телефоны сөндірулі болған, геолокациясы анықталмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жолға шықты. Құтқарушылар Кимасар шатқалынан жаяу көтеріліп, қыздардың болжамды орналасқан жеріне бағыт алды.
Энтузиастар алаңында 2007 және 2006 жылдары туған азаматшалар табылды. Тауда жауған нөсер жаңбыр салдарынан олар қозғалысты жалғастыра алмаған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оларды төмен түсірді. ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушыларының жедел әрі үйлесімді іс-әрекетінің арқасында операция сәтті аяқталды, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды