Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері демалыс және мереке күндері таулы аймақтарда өрттің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы тауларында 57 бірлескен рейд жүргізілді. Оның барысында 5 мың демалушыға жадынама таратылды. Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарда өрт жағудың 100 фактісінің жолы кесілді.
Ведомствоның мәліметінше, 43 тұлғаға ескерту түрінде 5 хаттама толтырылды. Екі адам 505-бабының 2-бөлігі бойынша 34500 теңге айыппұл арқалады, тағы 11 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 367-бабы бойынша жалпы сомасы 4 140 000 айыппұл салынды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және арнайы белгіленбеген жерлерде өрт тұтандырғаны үшін орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 367-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға құқылы екенін еске салды.
Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 100 АЕК-құрайды, өзге де ауыр жағдайларда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Айта кетейік, Іле Алатауы ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған 14 орын, Алма-Арасан шатқалының аумағында - 12 орын, «Бутаковкада» - 2 орын бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді