30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыІле Алатауы тауларында 2 жасөспірім адасып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 23 қыркүйекте кешкі сағат 20:10-да жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауы тауларында 2 жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен.
Оларды Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге кіріскен. Адасып кеткендер ұялы байланыс қызметін пайдаланған. Олар Құмбел шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналаған.
Құтқарушылар жасөспірімдерге түнгі сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп болғандықтан, жасөспірімдердің киімі су болып қалған. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептірген. Таңғы сағат 5:20-да олар бірігіп тау басынан түсе бастады.
Жасөспірімдер Көк-Жайлау – Үш ағайынды – Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастаған. Алайда олар уақытты есептемей, қараңғы түсе бастағасын жолды қысқартуға шешім қабылдаған. Салдарынан адасып кеткен, - деп жазылған хабарламада.
Бірақ олар саспай, дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, дұрыс шешім қабылдаған. Осыдан кейін таудағы лашық үйге барып паналаған.
Осыған байланысты ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді: тауға шықсаңыздар, одан қашан түсетіндеріңізді ескеріңіздер. Көбінесе күндіз жүріңіздер.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды