23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМедеу аудандық №2 соты Алматы қаласы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін толық мойындамайтынын айтты.
Сонымен қатар Алматы қаласы спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға«Қазақстан Гольф Федерациясы» РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға, Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін олар 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады